∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жауаршонаш хикаясы / جاۋارشوناش حىكاياسى

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жауаршонаш хикаясы / جاۋارشوناش حىكاياسى
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы: Б. Әміреұлы мен Жанкелді Қалдыбайұлы. Тасырушысы: А. Сейдімбек.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1110, 9-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 19; Ж. 18; 20×17; 17×16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Иемендік саудагер Жауаршонаш жалғыз қызын сандықта жасырып өсіреді. Қызы белгісіз заттың дәмін татқаннан кейін жүкті болып, ұл туады; әкесі оны ғажайыппен келген деп, Әбенғайып атайды. Ақылды болып өскен Әбенғайып саудагерлермен бірге Самақ қаласына барады. Онда астаудағы балықтың Камажай сұлудың сөзіне неге күлгенін түсіндіріп, қыздың әкесі Камал уәзірді алдап, жігіттерді сандыққа жасырып жүргенін ашады. Камал қызын жазалап, Әбенғайыпқа мол сыйлық беріп, еліне қайтарады.
13. Басы:
Иеменде бір саудагер болған еді.
14. Соңы:
Әр нұсқадан көрініп қалсын хатымыз.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев