Қабус патшалығының билеушісі Темір (Таймуз) дәулетті болса да, перзентке зар болады. Уәзірінің кеңесімен көрші патшаның қызына үйленіп, Жаһанша атты ұл сүйеді. Ұлын тәрбиелеп, он төрт жасында таққа отырғызады. Бір күні аңға шыққан Жаһаншаны қатты жел тұрып, үлкен қара құс аспанға көтеріп әкетеді. Мұны естіген патша ұлын іздетеді; Жаһанша табылып, еліне қайтар жолда арып-ашып, тастан аққан бұлаққа кезігеді.