∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жаһанша

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жаһанша
3. Авторы (Айтушы)
Қайыпназар Әйтпенов.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ақсәуле Шамұратова.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Сырдария облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/71.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 73–87; Ж. 24; 20×30; 15×24,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ақ түсті кеңсе қағазына қара сиямен жазылған. Қолжазба қызыл мұқабамен түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Жаһанша патша перзент сүйгісі келіп, Мұса пайғамбардан көмек сұрайды. Құдай оған бала нәсіп еткенмен, баланың он үш жыл ғана өмір сүретінін айтады. Он үш жасқа толғанда, Жаһанша тағдырға мойынсұнып, баласын жерлеуге әзірленеді, бірақ бала аман қалады. Мұса пайғамбар оның жүз жасайтынын айтып, мұны әкесінің ризашылығымен, жұртты жинауымен және баланың мінезіне риза болған көпшіліктің батасымен түсіндіреді.
13. Басы:
Әр түрлі өмір жолы қилы-қилы…
14. Соңы:
Көпке жағып өмірі жүзге жетті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев