∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тамаша қабақ / تاماشا قاباق

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тамаша қабақ / تاماشا قاباق
3. Авторы (Айтушы)
Сейітахмет.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаған: Қалдыбаев Орал. Тапсырған: Төрекұлов Нысанбек.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1963 жылы Ташкент облысы, Жоғарғы Шыршық ауданында жазылған. Қорға 1979 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
854, 1-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 20; Б. 141–180; Ж. 22; 14,5×20,2; 10×17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың жол дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Хикаялық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде байдың ұлы Мейірманқұл әкесінен қалған мол дәулетке ие болады. Бір күні Қызыр, Бақ пен Ақылдың тартысынан Ақыл одан кетіп, жігіт байлығынан айырылады. Қалған алтын-күмісін айырбастауға шыққан Мейірманқұлды сарай иесі алдап, дүние-мүлкін тартып алады. Ханның қызы оны аяп, үйіне кіргізіп, күйеуінен бірнеше рет жасырады. Ақыры әшкере болып, дарға асылғалы жатқанда, Мейірманқұлға ақыл қайта қонып, өлімнен құтылады; ханның қызына үйленіп, қазы жазасын тартады.
13. Басы:
Тақлиғат саят адам бір сөз баста…
14. Соңы:
Бір Алла есен айлап жүрсем тірі.
15. Қосымша мәлімет
Қалдыбаев Орал жыраудың қолжазбалары мен шығармалары.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева