Дастанның оқиғасы «Тотынамадан» алынған. Сүлеймен патшаға келген жігіт жануарлар тілін үйреніп, бұл сырды ешкімге айтпауға ант береді. Бір күні ол өгіз бен есектің әңгімесін естіп, есекті жұмысқа жегеді; есек қожайыны өгізді соймақшы екенін айтқан соң, өгіз келесі күні қорада тынығып жатады. Бұған күлген жігіттен әйелі сырын айтуды талап етеді. Далада қораздың ақылын естіген жігіт соны орындап, әйелін шыбықпен сабайды.