Мысыр шаһарында жүз жетпіс жасқа келген Қасым деген патша Ісмен шаһарының сұлтанының қызы Жәмиланы алып, одан бір ұл туады. Баланың атын Сейфүлмәлік қояды. Осы кезде Хамит деген уәзірінің әйелі ұл туып, оның атын Сағит қояды. Екі бала бірге өседі. Сейфүлмәлік 17 жасқа келгенде, әкесі оған алтын тоны мен асыл жүзігін сыйға береді. Тон ішінде бір сұлу қыздың суреті болады. Сейфүлмәлік қызға ғашық болып, оны іздеп кетеді. Жігіт көп қиындықтар көріп, ақыр Бәдіғұлжамалды алады.