∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сейітбаттал /سەيىتباتتال

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сейітбаттал /سەيىتباتتال
3. Авторы (Айтушы)
Сейітбаттал жырау. (1889–1983). Ташкент облысы, жоғарғы Шыршық ауданы, Сексен ата ауылында туып-өскен. Сейітбаттал жыраудың «Сейітбаттал» аталуы да оның бар ғұмырында көп жырлаған қиссасы «Сейітбаттал» болғандықтан, көпшілік халық оны Сейітбаттал жырау деп атап кеткен. Жырау кейіннен басқа да діни қиссаларды жырлаған. Сейітбаттал жырлаған қиссалар: «Сейітбаттал», «Хазірет Әли мен Дариға қыздың күресі», «Зарқұм», «Жұмжұла», т.б. Сейітбаттал жырау терме, толғаулар, насихат сөздерді өзі жанынан шығарып та айтып беретін.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қыдырәлі Саттаров.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1968–1969 жылдардағы «Ташкент атырабындағы қазақтардың ауыз әдебиетін жинау» экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/45
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 1–196; Б. 196; Ж. 13; 16,5×20; 11,5×15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба бір жолды дәптерге көк сиямен жазылған. Қолжазба жасыл түсті мұқабамен түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Діни дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Дастанда Пайғамбар әулетінен шыққан Сейітбатталдың дін жолындағы ерліктері баяндалады. Қалаға жасырын кірген Сейіт зындандағы мұсылмандарды босатады. Сейітбаттал жетпіс екі мұсылманмен бірге түнде кәпірлерге шабуыл жасайды. Оның отырған үйі нұрға бөленгенін көрген Қасым кешірім сұрайды, ал патша қала халқын ислам дініне енгізеді.
13. Басы:
Бісміллә атыменен сөз бастайын…
14. Соңы:
Пайғамбар қылсын шапағат сөзбен бізді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева