∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Есім-Қадиша

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Есім-Қадиша
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Шыңғысболат Базилов. Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Ново-Ишимский совхозында тұрған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
28.06.1983 жылы жазылған. Ақмола ауданы, Ново-Ишимский совхозында бір қолжазбадан көшірілген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
682.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 1–65; Б. 65; Ж. 18; 17×20,5; 14×19,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақты дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Ғашықтық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Есім жастай жетім қалып, нағашысы Есмағамбеттің қолында өседі. Ержетіп, елге танылған соң, Есім сері атанады. Ол Шора бидің қызы Қадишаға ғашық болады. Қиындықтарға қарамастан, қос ғашық мұраттарына жетеді.
13. Басы:
Қалар бос жалқау құлақ берген сыйдан…
14. Соңы:
Қолында өсіп мынау шалдың.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев