∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сейітбаттал қазы/ سەيىتباتتال قازى

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сейітбаттал қазы/ سەيىتباتتال قازى
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тәжібайұлы Әбдіғаппар, Қаппарұлы Сырбай.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1925 жылы Қызылорда облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1106.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 370; Ж. 21; 21×14; 19×12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың кітаптың беттеріне көк сиямен жазылған. Қолжазбаның кейбір жерлері тозып, өше бастаған, түптелмеген.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Діни дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Дастанның басты қаһарманы – Сейітбаттал. Ол – әскер басы, дінді уағыздаушы батыр. Ол көп уақыт бойы ислам дінін басқа халықтарға таратуға күш салған. Сейітбаттал – Ғалидың ұлы Құсайыннан тараған ұрпақ. Солардың ісін, жорығын жалғастырушы. Дастан он бір буынды қара өлең үлгісіне құралған.
13. Басы:
Көп жүріп біраз күндер екі арада…
14. Соңы:
Жөнеліпті Әмір Омар қонақ қылып.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева