∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ошағанның бүлігі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ошағанның бүлігі
3. Авторы (Айтушы)
Нұралин Сағидолла
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бекхожина Т., Қанағатов Т.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1964 жылғы Семей экспедициясы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 643. 22-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.23; Б.23; Ж.21 17х21; 7х19,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақты дәптерге көк сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Тарбағатай тауын мекен еткен Байжігіт руынан шыққан Қамбар деген төре билеп, хан атанған екен. Қамбар төренің мұрагері Шотан төре Байжігіт еліне әкімшілік етеді. Шотан төре Арғынның атақты бір төресіне қызын ұзатпақ болып, Ошағанды әйелі, балаларымен құлдыққа бермек болады. Той болар кезде Ошаған қашып, сол кезде қолбасшы болған Сегізбай деген биге келіп, болған істі баяндайды, құтқар деп көмек сұрайды. Сегізбай басында Ошағанның арызын қабылдамайды. Кейін елмен кеңесіп, Шотанды ұстап, Ошағанның семьясын құлдықтан құтқарады.
13. Басы:
Он сегізінші ғасырдың аяғында
14. Соңы:
Осыменен әңгімемді аяқтайын.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Әуесбаева Пәкизат