∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

ءمۇسليما قىزدىڭ جۇمباعى / Мүслима қыздың жұмбағы (Екі жұмбақ)

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
ءمۇسليما قىزدىڭ جۇمباعى / Мүслима қыздың жұмбағы (Екі жұмбақ)
3. Авторы (Айтушы)
1. ءمۇسليما قىز / Мүслима қыз. Кіші Жүз Тама руының Дәулеткелді деген атасынан. 2. ابىلقاسىم ناۋرىزبايۇلى / Әбілқасым Наурызбайұлы (1892-1972). Бұрынғы Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы Білеуті ауыл-советінде (Қазіргі Жезқазған облысы, Қарсақпай поселкесінде) туған. 1918-50 жылдары совет, шаруашылық орындарында қызмет істеген. 1956 жылы пенсияға шыққан. 3. ءتۇسىپ سانسىزبايۇلى / Түсіп Сансызбайұлы.
4. Жинаушы, тапсырушы:
جاعىپار ەرماحامبەتۇلى / Жағыпар Ермахамбетұлы (1906-1978). Жезқазған қаласынан. Белгілі ауыз әдебиетін жинаушы. Ол бар жинаған әдебиет мұрасын ӘӨИ қорына 1947 жылы тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1960 жылдар, Жезқазған қаласы. Институт қорына 1976 жылы май айында алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 748 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.2; Б.2-5; Ж.20; 20х16,5; 18х8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптер қағазына көк сиялы автоқаламмен жазылған. Оңнан солға қарай араб цифрымен беттелген. Қағаздың екі жағына бірдей өлең, қара сөз аралас жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі
11. Жанры
Жұмбақ айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Он сегіздегі Мүслима елге екі ауыз өлеңмен жұмбақ жариялап, шешкен адамға тиетіндігіне уәде етеді. Бір қасиетті мақұлық көкте де емес, жерде де емес, байлаусыз, тіреусіз күн кешеді, адамға жақындаса, бақытқа бөлейді. Екіншісі — отыз екі құлағы бар, жиырма бұйрығын орындасаң, он екісі адалыңа қарар деп өлең еткен екен. Бірінші Жұмбақты Һамай деген құс болар. Ол жерге қонбай, жұмыртқасын аспанға салады деп жобалапты Әбілқасым Наурызбайұлы. Екінші жұмбақтың шешуін Түсіп Сансызбайұлы өлеңмен «намаз» деп шешеді. Қарсақбайдан Мүслима қыз табылмағандықтан, жұмбақтың қорытындысы шықпай қалыпты.
13. Басы:
ءجاوسىلار، قۇلاعىڭ سال جۇمباعىما
14. Соңы:
سۇننەتى پايعامباردىڭ، ارينە، ول قارايدى اۋەنىڭە.
15. Қосымша мәлімет
Дәптер бойынша папкаға салып тізімделген.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.