∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

رعىن مۇسا پۇشىق پەن كەرەي ءدارىجان قىزدىڭ ايتىسى / Арғын Мұса пұшық пен керей Дәріжан қыздың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
رعىن مۇسا پۇشىق پەن كەرەي ءدارىجان قىزدىڭ ايتىسى / Арғын Мұса пұшық пен керей Дәріжан қыздың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. ساۋرانبايۇلى مۇسا / Сауранбайұлы Мұса. Руы — Арғын. 2. ءدارىجان / Дәріжан.
4. Жинаушы, тапсырушы:
ءتۇسىپۇلى سارسەمبەك / Түсіпұлы Сәрсембек. 1903 ж. Қарағанды облысында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соңғы кездерде Алматыда тұрған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 693 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.10; Б.19; Ж.21; 20х17; 17х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба бір сызықты дәптерге күлгін түсті сиямен араб әрпінде жазылған. Араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Айтыс.
12. Қысқаша мазмұны
1712 жылы Орта жүздегі Шақантай батырдың келіні ұл туып, той жасайды да, тойға балуан, әнші, күйші, айтыс ақындарын әдейілеп шақырады. Оған 18 жастағы ақындық өнері еліне таралған Дәріжанды арнайы алдыртады. Дәріжан елдегі беделді адамдар арасында өзінің қадірін танытқан Мұса пұшықтан өзін жоғары ұстайды. Мұса қыздың атастырған адамы сақау, өзіне тең еместігін келтіреді де, халық алдында беделін түсіріп жеңеді.
13. Басы:
كەرەيدىڭ ساۋان اتتى شاقانتايى
14. Соңы:
.سەن قارىنداسىم بولاسىڭ، مەن ءبىر اعاڭ
15. Қосымша мәлімет
Жөндеуден өткен.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.