∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

مۇسا پۇشىق پەن اققىزدىڭ ايتىسى / Мұса пұшық пен Аққыздың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
مۇسا پۇشىق پەن اققىزدىڭ ايتىسى / Мұса пұшық пен Аққыздың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. ساۋرانبايۇلى مۇسا / Сауранбайұлы Мұса. Руы — Арғын. 2. احمەتقىزى اققىز / Ахметқызы Аққыз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
ءتۇسىپۇلى سارسەمبەك / Түсіпұлы Сәрсембек. 1903 ж. Қарағанды облысында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соңғы кездерде Алматыда тұрған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1967 ж., Алматы қаласы. Институт қорына 1968 ж. келіп түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 696 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.10; Б.21; Ж.24; 21х17; 16х11
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба жол көз дәптерге күлгін түсті сиямен араб әрпінде жазылған. Араб үлгісімен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Айтыс.
12. Қысқаша мазмұны
1914 жылы қазіргі Жезқазған облысы, Шет ауданы, Қасқабұлақ деген жерде Тобықты Қалдаубай Бейсембек байдың асы өтіп жатқанда арғын ішіндегі қаракесек Мұса пұшық Ахметтің Аққызымен кезігіп айтысады. Айтыстың кезінде байлардың ұрлық, өсек-өтірікпен күні өткен өмірі, сол кездегі байлардың қанды тырнағына түсіп, жәбір-жапа көрген Әнет баба, Еспембет, Еңлік, Кебек сияқты азаматтар жайлы айтылып отырады. Мұса да, Аққыз да тіл өткірлігі жағынан бір-бірімен тең түсіп отырғанмен, Мұса Аққыздың 49 бас малға сатылып, байдың бүкір Әлібек деген баласына зорлықпен келгенін желеу етіп, жеңіп кетеді.
13. Басы:
اق مارال داۋىسىڭ شىرىن زامانداسقا
14. Соңы:
.جاۋاپتى تالاي سوزگە قايتارمادىڭ
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның сырты сары қатты қағазбен тысталып, түбінен желімделіп, толық жөндеуден өткен.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.