∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

ماراباي مەن ايدانا (كوكى) / Марабай мен Айдана (Көкі)

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
ماراباي مەن ايدانا (كوكى) / Марабай мен Айдана (Көкі)
3. Авторы (Айтушы)
1. ماراباي قۇلبايۇلى / Марабай Құлбайұлы (1841-1898). Қазіргі Орал облысы, Бөрлі ауданы, Ақсу совхозының Алабайтал деген жерінде туып-өскен. Оның ақындық атағы батырлар жырын айтумен шыққан, ол жырау атанған. Марабай сол сияқты Жұмырбай, Базарбай ақындармен де айтысқан. 2. ايدانا (كوكى) / Айдана (Көкі).
4. Жинаушы, тапсырушы:
قوزىباقۇلى باتىر / Қозыбақұлы Батыр. 1910 жылы қазіргі Орал облысы, Бөрлі ауданында туған. 1930-1952 жылдары мұғалім болған, газет редакцияларында істеген. Белгілі жинаушы.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1968 ж., маусым, шілде айлары. Орал қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 689 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 3; Б. 6; Ж. 21; 20х17; 18х11
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба оқушыларға арналған тор көз дәптерге күлгін түсті сиямен араб әрпінде жазылған. Араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Айтыс.
12. Қысқаша мазмұны
Марабай ақын Айдана қыздың ақындық даңқын естіп, көруге келсе, Айдана жібек перденің ішінде өлең айтып отырады. Сол бетімен Марабай қызбен танысады да, айтысты бастап кетеді. Алдымен өзінің өрен жүйрік ақындарды жеңіп жүргенін, сөз өнерінен алдына жан салмайтындығын жырлайды. «Сіздей тобығымнан келмейтін қыздың талайын шаңыма ілестірмеймін», — десе, Айдана қыз да сөз өнерін төгіп: «Ел аралап қаңғып жүрген диуана ақынға «құдайым» айтыстырмасын», — деп, өзінің өрелі жүйріктігін аттың шабысына теңейді. «Марабай қанша өнерлі, жүйрік болсаң да ер азаматқа теңесе алмассың», — деп мысқылдайды.
13. Басы:
ارتقانىم قۇنان نارعا ون قاراعاي
14. Соңы:
.سوزىڭە كەدەي دەگەن نالىمايىن
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның сырты қалың сары қағазбен тысталып, түбінен ақ жіппен тігіліп, толық жөндеуден өткен.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.