∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

ۋبالا مەن جىعا قىزدىڭ ايتىسى / Қубала мен Жыға қыздың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
ۋبالا مەن جىعا قىزدىڭ ايتىسى / Қубала мен Жыға қыздың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. قۋبالا / Қубала (Сұлтанғали) Қуанышқалиұлы. ХІХ ғ. екінші жартысы, ХХ ғ. басында қазіргі Орал облысы, Жаңақала ауданында өмір сүрген ақын. Бірнеше айтысқа қатысқан. 2. جىعا قىز / Жыға қыз. Орал облысы, Жаманқаладан.
4. Жинаушы, тапсырушы:
قوزىباقۇلى باتىر / Қозыбақұлы Батыр. 1910 жылы қазіргі Орал облысы, Бөрлі ауданында туған. 1930-1952 жылдары мұғалім болған, газет редакцияларында істеген. Белгілі жинаушы.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1950 жылдар. Батыс Қазақстан. Институт қорына 1962 ж. келіп түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 325 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.2; Б.4; Ж.19; 20х16; 17х11
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге нілді көк сиямен араб әрпінде жазылған. Араб цифрымен оңнан солға қарай беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Қыз бен жігіт айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Қубала мен Жыға қыз бірқатар, қанаттас өскен адамдар. Руы — Масқар. Қубала Жыға қыздың ауылындағы бір тойға келіп, Жыға қыздың ән салып отырғанын көріп, ән үзілісімен айтысқа шақырады. Жыға қызға Қубаланың ауылындағы егделенген, әйелі өлген адамның 80 өгізбен құда болғанын, билігі болмай, соған еріксіз байланып жүргенін ілік етіп, Қубала жеңудің жолын табады.
13. Басы:
.تۇيەنىڭ ەر-تۇرمانى، تەبىنگىسى، ءسوز سويلەيدى ءبىر جەردە كەمەل كىسى
14. Соңы:
.استىمدا مىنگەن اتىم اق بوز اتىم، قولىمدا نايزا العانىم سالتاناتىم
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның сырты қатты қағазбен қапталып, түбінен желімделген.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.