∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

قويشى بالا مەن باي قىزىنىڭ قاعىسقانى / Қойшы бала мен бай қызының қағысқаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
قويشى بالا مەن باي قىزىنىڭ قاعىسقانى / Қойшы бала мен бай қызының қағысқаны
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
قۇسنيۇلى مۇرات / Құсниұлы Мұрат (1887-1961). Орал облысы, Жәнібек ауданында туып-өскен. Ауыз әдебиетін жинауға белсенді атсалысқан.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 364 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.30; 17х23; 8х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба дәптерге араб әрпімен көгілдір сиямен жазылған. Араб үлгісімен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Қыз бен жігіт айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Айтыста жігіт пен қыздың аты-жөні айтылмаған. Айтыс «Қойшы баланың тойға барып, байдың қызымен қағысқаны» деп аталады. Демек, бір қойшы бала тойға өз бетімен барып, байдың қызымен айтысқа түседі. Қыза келе екеуі бірін-бірі жамандап, тіл тигізеді. Айтыс бірнеше өлеңнен құрастырылған, қолжазбалар жинағына енген. Он бір буынды қара өлең үлгісіне құрылған, көлемі шағын.
13. Басы:
.كيگەنىم مالاي ءجۇرىپ ورىس ەتىك، ات ۇركەر بۇل دەنەدەن قورس ەتىپ
14. Соңы:
.ءبىر بايدىڭ التى اي جازداي قويىن باقساڭ، ەرمەسسىڭ ەشكى تۇگىل تەكەگە، قىز
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба ақ қағазбен қапталып, тиісті жөндеуден өткен.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.