∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
اقىن قىز قانىم مەن مىرزابەك / Ақын қыз Қаным мен Мырзабек
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
اقىن قىز قانىم مەن مىرزابەك / Ақын қыз Қаным мен Мырзабек
3. Авторы (Айтушы)
1. قانىم ايدار قىزى / Қаным Айдар қызы. Туған жері — Ойыл өңірі (Ақтөбе облысынан). 2. مىرزابەك / Мырзабек. Ол туралы мәлімет жоқ.
4. Жинаушы, тапсырушы:
قۇسنيۇلى مۇرات / Құсниұлы Мұрат (1887-1961). Орал облысы, Жәнібек ауданында туып-өскен. Ауыз әдебиетін жинауға белсене атсалысқан.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1950 ж., Алматы облысы, Қарғалы селосы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 364 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.4; Б.7; Ж.8; 20х16; 17х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жолды дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған. Араб үлгісімен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Қыз бен жігіт айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Мырзабек деген жігіт ақын қыз Қанымды арнайы іздеп келеді. Айтыс алдында қыз екеуі уәделеседі, Қаным жеңілсе, жігітке күйеуге шықпақ болады. Айтыста жігіт жеңіп, әуде бойынша қызды ауылына алып кетеді.
13. Басы:
قارايتار مال تۇسپەسىن ەگىنىڭە
14. Соңы:
.ون بەس جىل ءسىزدىڭ قويدى مەن باعايىن
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба жөндеуден өтіп, қалың ақ қағазбен тысталған.