∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

كەنشىمباي اقىن مەن جاعالبايلى اقسۇلۋ اقىننىڭ ايتىسقانى / Кеншімбай ақын мен Жағалбайлы Ақсұлу ақынның айтысқаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
كەنشىمباي اقىن مەن جاعالبايلى اقسۇلۋ اقىننىڭ ايتىسقانى / Кеншімбай ақын мен Жағалбайлы Ақсұлу ақынның айтысқаны
3. Авторы (Айтушы)
1. ەنشىمباي قابانۇلى / Кеншімбай Қабанұлы (1865-1925). Бұрынға Ақмешіт уезі, Айнақол болысының 5-ауылынан. Руы — Жаппас. Ор өзені бойындағы жағалбайлы елінің, табынның ақындарымен айтысқан. 2. اقسۇلۋ / Ақсұлу. Руы — Жағалбайлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
قۇلمۇحامبەت بايعۇلىۇلى / Құлмұхамбет Байғұлыұлы (1863-1918). Қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданында туып-өскен. Руы — қыпшақ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1912 жылы Қостанай облысынан жазылған. 1961 жылғы Қостанай экспедициясы, мүшесі Ордалиев Сейділда. Ол көп жылдар Әдебиет және өнер институтында істеген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 127 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.5; 5.36-44; Ж.34; 32х22; 30х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сарғыш қағазға қара сиямен араб әрпінде жазылған. Араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары әр бетке екі қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Қыз бен жігіт айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Елінде аты шыққан Ақсұлу қызды Кеншімбай өзі іздеп келеді. Ақындар өз руларын мақтасып, бір-бірінің кемшіліктерін бетке басумен болады. Соңында Кеншімбай Ақсұлудың күйеуінің кемістіктерін бетке басқанда қыз өзінің жеңілгендігін мойындайды.
13. Басы:
.ءوتىپتى بارشا يمانباي، اداي ابىل، بولىپتى شەرنيازدىڭ ءسوزى قابىل
14. Соңы:
.الارسىڭ ءسوزىڭدى موينىڭا، تىرناقتاي كوڭىلىڭدە ارىڭ بولسا
15. Қосымша мәлімет
Жөндеуден өткен. Нұсқалары: 1. Қ. 280 (ОҒК). Улен Ақсұлу һәм Кеншімбай. Жин. А.Васильев. Орыс әрпінде. 1-дәп., 1-19-б. 2. Қ. 280 (ОҒК). Ақсұлу деген қыз бен Кеншімбай деген жігіттің айтысқаны. Жин. Ә.А.Диваев. 1920 ж. Сырдария экспедициясы. Араб әрпінде. 2-дәп., 1-5-б. 3. Қ. 280 (ОҒК). Жағалбайлы Ақсұлу деген қыз бен жаппас Кеншімбайдың айтысы. Жин. Ә.А.Диваев. 1920 ж. Сырдария экспедициясы. Араб әрпінде. 2-дәп., 1-5-б. 4. Қ. 280 (ОҒК). Ақсұлу мен Кеншімбайдың айтысқаны. Жин. белгісіз. Араб әрпінде. 1935 ж., 3-дәп., 1-7-б. 5. Қ. 298 (ӘӨИ). Ақсұлу мен Кеншімбай. Маш. басылған. 1-дәп. 6. Қ. 1627 (ОҒК). Кеншімбай мен Ақсұлудың айтысы. Айтушы Б.Бәдіғұлов. Жин. Нақысбаев Оқас. 1959 ж. Орынбор экспедициясы. Қазіргі қазақ әрпінде. 2-дәп., 105-118-б.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.