∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

قاڭلى ءجۇسىپتىڭ بايسارى قىزىنىڭ جۇمباعىن شەشۋى / Қаңлы Жүсіптің Байсары қызының жұмбағын шешуі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
قاڭلى ءجۇسىپتىڭ بايسارى قىزىنىڭ جۇمباعىن شەشۋى / Қаңлы Жүсіптің Байсары қызының жұмбағын шешуі
3. Авторы (Айтушы)
1. قاڭلى ءجۇسىپ قادىربەرگەنۇلى / Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы (1873-1923). Жазба айтыстың көрнекті өкілі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан, руы — Кіші Жүз Қаңлы. 2. بايسارى قىزى / Байсары қызы.
4. Жинаушы, тапсырушы:
ابىت نۇركەنوۆ / Абыт Нұркенов (1893-1973). Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туып-өскен. Шымкент және Қызылорда облыстарынан ауыз әдебиеті үлгілерін мол жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазба 1959 жылғы февраль және 1966 жылғы июнь айында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында жазылған. Институт қорына 1974 ж. сентябрьде алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 780 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.3; Б.5-10; Ж.19; 20х16; 18х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жолды дәптерге көк сиялы қаламмен араб әрпінде жазылған. Қағаздың екі беті де оңнан солға қарай араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Жұмбақ айтыс.
12. Қысқаша мазмұны
Байсары қызы 1919 жылы өлеңмен жұмбақ жазып, жұртқа жаяды. «Осы жұмбағымды кім шешсе, соған тиемін», — дейді. Дәмелі ақындардың бірсыпырасы шешуге талпынған. Соның бірі — Қаңлы Жүсіп. Кейбір ақындар бір-бірінен көріп, өзара айтысып, көңіл қалдырысқан. Әсіресе Ешниязұлы Жүсіп Даңмұрынға: «Жұмбақты шығарған сенсің», — деп қатты тиіскен. Даңмұрын Жүсіпке жауап жазған, сөйтіп, ақыры ұзақ дауға кеткен.
13. Басы:
قىرىم اتتى شاھاردىڭ
14. Соңы:
.شىراعىم، فاميلياڭدى ەكىنشى ىزدە
15. Қосымша мәлімет
Қағазы тозып, дәптердің түбі қопсыған. Жөндеуден өткен. Нұсқасы: 1. Қ. 314 (ОҒК). Ауыз әдебиеті үлгілері. Жин. Қайнарбеков Әлқуат. 2. Қ. 534 (ОҒК). Ауыз әдебиеті үлгілері. Жин. Молыбаев Нұғыман. 1945 ж., 2-дәп.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.