∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

كەتە ءجۇسىپ پەن قاڭلى ءجۇسىپتىڭ ايتىسى / Кете Жүсіп пен қаңлы Жүсіптің айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
كەتە ءجۇسىپ پەن قاڭلى ءجۇسىپتىڭ ايتىسى / Кете Жүсіп пен қаңлы Жүсіптің айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. ەشنيازۇلى ءجۇسىپ / Ешниязұлы Жүсіп (1871-1927). Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан. Кіші Жүздің Кете руынан, сондықтан халық оны «Кете Жүсіп» деп атап кеткен. Белгілі айтыс ақыны, ол сонымен бірге онға жуық көлемді дастан шығарған. 2. قاڭلى ءجۇسىپ قادىربەرگەنۇلى / Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы (1873-1923). Жазба айтыстың көрнекті өкілі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан, руы — Кіші Жүз Қаңлы.
4. Жинаушы, тапсырушы:
ابىت نۇركەنوۆ / Абыт Нұркенов (1893-1973). Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туып-өскен. Шымкент және Қызылорда облыстарынан ауыз әдебиеті үлгілерін мол жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1950-60 жылдар. Қызылорда облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 781 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.25; Б.49; Ж.20; 22х18; 20х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне жасыл және көк сиялы қаламмен араб әрпінде жазылған. Қағаздың екі беті де оңнан солға қарай араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары қағаздың екі жағына да бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Ақындар айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Айтыс жазба түрінде болып, бір-екі жылға созылған. Қаңлы Жүсіп Нақыпқожа дегенді «домбыра алып, өлең айттың, атаңның жолын қумадың» деп сөгеді. Екеуінің арасында айтыс басталғанда оған Ешнияздың Жүсібі келіп қосылады. Ескі аңыздан мысал келтіреді. Айтыс тоқталмайды. Екі Жүсіптің арасына Кеңесбай және Ғаббас деген адамдар басу айтады. Оларға да бірден тоқталмай, екі ақын жазба түрде айтысып барып қояды.
13. Басы:
كوپ سالەم، قوجا ەكەم داۋىسىن سوزعان
14. Соңы:
.ەرگىلەپ كۇن باتقان سوڭ توبەدە وشاق
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба тозған, жыртылған беттері кездеседі. Жөндеуден өткен.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.