ءتۇسىپۇلى سارسەمبەك / Түсіпұлы Сәрсембек. 1903 ж. Қарағанды облысында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соңғы кездерде Алматыда тұрған.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Айтыс 1968 жылы Алматы қаласында жазылған. Институт қорына 1979 жылы тапсырылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 693 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.12; Б.24; Ж.21; 21х17; 18,5х11
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жолды дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған. Араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Қыз бен жігіт айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Айтыс Мелшібек деген байдың ауылында 1914 жылы өткен. Жантөре Сырғаның жасының жиырмаға келіп, тұрмыс құрмай, үйде отыруын тілге тиек етеді. Айтыстың басы әзіл-оспақ түрінде басталып, арты рулық дау-дамайға ұласады.