∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

جانبۇلان اقىن مەن ارمان قىزدىڭ ايتىسى / Жанбұлан ақын мен Арман қыздың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
جانبۇلان اقىن مەن ارمان قىزدىڭ ايتىسى / Жанбұлан ақын мен Арман қыздың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. جانبۇلان / Жанбұлан. 2. ارمان بارلىقبايقىزى / Арман Барлықбайқызы
4. Жинаушы, тапсырушы:
ءتۇسىپۇلى سارسەمبەك / Түсіпұлы Сәрсембек. 1903 ж. Қарағанды облысында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соңғы кездерде Алматыда тұрған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1968 ж., Алматы қаласы. Институт қорына 1969 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 696 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.20; Б.39; Ж.20; 21х17; 19х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге қызыл сиямен арап әрпінде жазылған. Араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі.
11. Жанры
Қыз бен жігіт айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Айтыс шамамен ХІХ ғасырдың бас кезінде болған. Жанбұлан бір тойда Арман қызға атастырылған жігіті Есіркенің көзінің қылилығын, мінезінің томырықтығын бетіне басады. Әзіл-оспақ түрінде жігітінен айнытып, маған қосыл деген ұсыныс жасайды. Айтыс тілі ұтымды да өткір. Бұрын жарық көрмеген.
13. Басы:
ءبىر قىزى بار لابايدىڭ ارمان ەدىڭ، قولىڭدى جوعارىعا قارماپ ەدىڭ.
14. Соңы:
وت جانىپ ەتەگىڭنەن، ءتورت ۇل تۋىپ، شايقادىڭ دۇنيەنى وڭدى-سولدى.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.