∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мұрат пен Тыныштық

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мұрат пен Тыныштық
3. Авторы (Айтушы)
1. Мұрат Мөңкеұлы (1842-1906). Қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданынан (Бұрынғы Орал облысы, Тайсойған ауданы). Руы — Қаратоқай Беріш, оның ішінде Аққұлы. 2. Тыныштық.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Белгісіз.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 593 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.6; Б.6; Ж.27; 28,5х18; 24х19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба қазіргі қазақ әрпінде ақ қағазға басылған. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан. Араб цифрымен беттелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Ақындар айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Тыныштықпен айтысқан Мұрат қай ауылдан аттанып, қай ауылға қонып түстенгенін, жолшыбай елдің мал басы мол екенін бір айтып алады да: «Енді Тыныштықтай егде адаммен айтыс дегендерің, беріштер, сендердің маған еткен қорлықтарың», — деп қағыта сөйлейді. Мұрат Құсайын дегеннің қарындасын алып қашып, масқара болғанын, ел ішінен шыққан белгілі адамдардың артық-кем жағын сөз етеді. Айтыс он бір буынды қара өлең үлгісінде құрылған.
13. Басы:
Аттандық жексенбі күн Бозашыдан, Жөнелдік сол ауылдың қарасынан.
14. Соңы:
Тілімен бір әйелдің қатты кеттім, Жігіттер, тік тимесін көңіліңе-ай.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба көгілдір мұқабалы, түптелген папкаға салынған.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.