∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Мұраттың Жылқышы деген ақынмен айтысы
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Мұраттың Жылқышы деген ақынмен айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. Мұрат Мөңкеұлы (1842-1906). Қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданынан (Бұрынғы Орал облысы, Тайсойған ауданы). Руы — Қаратоқай Беріш, оның ішінде Аққұлы. 2. Жылқышы.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Белгісіз.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 593 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.4; Б.7; Ж.27; 28,8х18; 24х9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ақ қағазға қазіргі қазақ әрпінде машинкаға басылған. Араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Ақындар айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Мұрат пен Жылқышы руларынан, аталастарынан шыққан батырларды сөзге арқау ете айтысады. Айтыс он бір буынды қара өлең үлгісіне құрылған.
13. Басы:
Жылқышы, сөз сөйледің бала жастан, Өнерің он жасыңда судай тасқан.
14. Соңы:
Ерлігі, билікпенен құт пен байлық, Ежелден емес пе еді біздің жұрттан.
15. Қосымша мәлімет
Жөндеуден өткен. Нұсқасы. 1. Қ. 411 (ОҒК). Мұрат пен Жылқышы ақындардың айтысы. Жин. Мұратов Дәулетқали. Қазіргі қазақ әрпінде. 1957 жылғы Гурьев экспедициясы. 19-дәп., 23-26-б. Сол сияқты ОҒК-ның 97 д. және 1303-папкаларында да осы айтыстың нұсқалары бар.