∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мұрат пен Жантолы айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мұрат пен Жантолы айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. Мұрат Мөңкеұлы (1842-1906). Қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданынан (Бұрынғы Орал облысы, Тайсойған ауданы). Руы — Қаратоқай Беріш, оның ішінде Аққұлы. 2. Жантолы Мұраттың құдағиы. Басқа мәлімет жоқ.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мұратов Дәулетқали. 1882 ж. туған. Туып-өскен жері бұрынғы Гурьев облысы, Бақсай ауданы. Бұл айтысты Дәулетқали әкесі Мұраттан үйренген. Өзінің де шығармалары баршылық.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1957 ж., Гурьев облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 411 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.2; Б.3; Ж.29; 34х20; 32х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жолды сарғыш қағазға көк сиямен қазіргі қазақ әрпінде жазылған. Араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Айтыс.
12. Қысқаша мазмұны
Мұрат пен Жантолының айтысы екі адамның қағысу үлгісіндегі қысқа айтыс, Мұнда Мұрат ақын өз құдағиы Жантолының үйіне келіп, аттан түспей-ақ өлеңдетіп, сөзге тартады. Жантолы оның айтқанына көнбей, өз дегенінде болады. Күйеуі қойсайшы десе де, Жантолы өзі ұрынған адамға кешірмейтіндігін сездіреді.
13. Басы:
Жантолы, бала жастан болдың телі, Құтыртты жиырма бестің тентек желі.
14. Соңы:
Ымдауды қайдан білесің тәсілменен.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба ақ қағазбен тысталып, папкаға салынған. Қолжазба парақтарының бүктелген жерінен жыртыла бастаған. Нұсқалары: 1. Қ. 354 (ӘӨИ). Мұрат ақын мен Жантолының айтысы. Жин. Ғатауов Фарид. Қазіргі қазақ әрпінде. М. б. 2-дәп., 6-9-б. 2. Қ. 593 (ӘӨИ). Мұрат ақынның Жантолы деген әйелмен айтысқаны. Жин. белгісіз. Қазіргі қазақ әрпінде. М. б. 6-9-б. 3 Қ. 97 д (ОҒК). Мұраттың Жантолымен айтысқаны. Жин. белгісіз. Қазіргі қазақ әрпінде. 73-76-б. 4 Қ. 1303 (ОҒК). Мұраттың Жантолымен айтысы. Жин. Күнтуғанов Темірғали. Араб әрпінде. 1946-1947. 5-дәп., 1-13-б.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.