∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мұрат пен Бала Ораз айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мұрат пен Бала Ораз айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. Мұрат Мөңкеұлы (1842-1906). Қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданынан (Бұрынғы Орал облысы, Тайсойған ауданы). Руы — Қаратоқай Беріш, оның ішінде Аққұлы. 2. Бала Ораз Қотырбайұлы. Қазіргі Гурьев облысында, кедей шаруа семьясында туып, жастайынан байға жалданып күн көрген. Ол он екі ата Байұлының Таз руы ішіндегі жастабан — Байсарысы.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Нұрғазин.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 ж., Гурьев облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 243 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.3; Б.5; Ж.20; 21х17; 17;8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сарғыш жолды мектеп дәптеріне қазіргі қазақ әрпінде көк сиямен жазылған. Араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Ақындар айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Ойылдың бойындағы Көкжар деген жерге Мұрат ақын, қасында Алдаберген деген мырза бар, Бала Оразды іздеп барады. Ақын жоқ екен, екеуі бір жылдан кейін кездеседі. Әдет бойынша айтысушылардың екеуі де өз руларын, жерлерін, ерлерін мадақтайды. Соңында: «Өткен заман істерін айтқаннан гөрі осы күнгі тірілерді мақта», — деп Мұрат жеңеді.
13. Басы:
Мұратжан бала сен бе едің, Жоқ еді бұрын көргенім.
14. Соңы:
Халық алдында осындай Тіріңді мақта келісті.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба ақ қағазбен тысталып, папкаға салынған. Нұсқалары: 1. Қ. 411 (ӘӨИ). Мұрат пен Бала Ораздың айтысы. Жин. Мұратов Дәулетқали. 1957 жылғы Гурьев экспедициясы. Қазіргі қазақ әрпінде. 19-дәп., 15-18-б. 2. Қ. 593 д (ӘӨИ). Мұрат пен Бала Ораздың айтысы. Жин. белгісіз. Қазіргі қазақ әрпінде. Маш. бас. 79-82-б. 3. Қ. 97 д (ОҒК). Мұрат пен Бала Ораз. Жин. белгісіз. Қазіргі қазақ әрпінде. 11-15-б.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.