∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Марқа бала мен Бауырсақтың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Марқа бала мен Бауырсақтың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. Марқа бала. 2. Бауырсақ.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Байбатыров Мұқаш. (1899-1980). Талдықорған облысы, Қапал ауданында туып-өскен. Үлкен айтысқа 1943 жылы қатысқан. Қазақтың Абай атындағы опера-балет театрында, Қазақ концертте, автоклубта істеген. Ауыз әдебиет үлгілерін көп жинаған адам.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 356 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1-16; Б.27-32; Ж.25; 29х20, 23х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба қазіргі қазақ әрпімен машинкаға басылған. Текстің беттері арабтық үлгімен беттелген. Өлең жолдары бір қатардан тізіліп басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Қыз бен жігіт айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Бауырсақ ұыз Матай ішінде Аталық руынан, ал Марқа бала Қаптағай болып келеді. Айтыс қыз елінде өтеді. Жігіт бетінің шешектен қалған шұбар дағы бар екенін, руының Қаптағай екенін айтады. Қыз дегеннен: «Бұлғақтамай айтыңыз, менімен айтысам деп аяғыңа жем түсіп жүрмесін» дейді. Бауырсақ: «Ащыбұлақты мекендеген елміз, ішімізде орыс та, ноғай да бар», — дегенді тілге тиек етеді. Марқа бала: «Ұраным — Ер Бөрібай, қашаннан-ақ артық жаралғанмын», — деп шалқиды. Қыз: «Руыңды айтып мақтанба, ұрлықпен кәсіп етесіңдер. Мықты болсаң, Есімбегің айдалып, Алматыға барар ма еді?! Пара бері жаны аман қалған», — деп қосады. Жігіт те: «Берекелерің аз, есіл жігіт Ырыскелдің Тескентауға айдалып қор болды. Өзің он бір жасыңнан бастап сенделіп, маңайыңа топ құрдың. Осың жақпады. Бала тумай жүргенің келіспеді», — деп жамандайды. Ызаланып, өлеңмен киліккен шешенің қағытпасына да тоқтамайды. Марқа бала жеңеді. Айтыс он бір буынды қара өлең үлгісіне құрылған.
13. Басы:
Рауағаш тауға біткен Сарымсақ-ты, Сөйлеген жарқын-жарқын Бауырсақ-ты.
14. Соңы:
Қақшаңдап қу байталың келді қайдан, Қуартқан жатырыңды мен емеспін.
15. Қосымша мәлімет
Ақ жіппен тігіліп, ақ қағазбен тысталған.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.