1. Балхия Барқымбай қызы. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында (Бұрынғы Торғай губерниясы, Ырғыз уезі, Қарабұтақ болысы) өмір сүрген. Кіші Жүз Жетіру, оның ішінде Жағалбайлы. Ел ішінде суырып салмалығымен аты шаққын ақын болған. 2. Сәрсембай Бозғұлұлы. ХІХ ғасырдың 70-жылдарында қазіргі Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Кіші Жүз Алаша, оның ішінде Шөмекей. Өз заманында Шабдар Сәрсембай жырау деген атымен белгілі болған.