∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Құлтума мен Намаз айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Құлтума мен Намаз айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. Құлтума Өтемісұлы (1840-1915). Қазіргі Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жартытөбе деген жерде туып-өскен. Ол Арғын ішіндегі Атығай. Құлтума негізінен айтыс ақыны. 2. Намаз ақын. Руы — Есенбақты Керей.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Еңсебаев Нұрмағамбет. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған, өзі де өлең шығарған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1970 ж., Целиноград облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 725 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.3; Б.4; Ж.37; 20х17; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жолды қалың дәптерге көк сиямен қазіргі қазақ әрпінде жазылған. Араб цифры үлгісімен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Ақындар айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Құлтума ақын аталып, өзімен айтысқан ақындарды жеңіп жүрген кезінде жас ақын Намазбен бір аста кездесіп айтысады. Құлтума «Сәлем бермедің» деп Намазға тиіседі. Айтыс үстінде Құлтума өзінің жақын туыстарын ғана жақтаса, Намаз ақын жалпы халыққа сүйенеді. Және өзінің білімділігін көрсетіп, ақырында жеңеді.
13. Басы:
Аузымнан лебіз бұрқыра, Қаламдай біткен он саусақ.
14. Соңы:
Әлемде жер биігі Жапар тауы, Қаланың ең биігі Құддыс шаһары.
15. Қосымша мәлімет
Сырты жұқа ақ қағазбен тысталған.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.