∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Алтай Құлтума ақын мен Найман Қожабай ақынның айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Алтай Құлтума ақын мен Найман Қожабай ақынның айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. Құлтума Өтемісұлы (1840-1915). Қазіргі Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жартытөбе деген жерде туып-өскен. Ол Арғын ішіндегі Атығай. Құлтума негізінен айтыс ақыны. 2. Қожабай Тоқсанбайұлы (1841-1918). Сібір губерниясы, Атбасар оязына қарасты Ұлытау болысында туған. Руы — Найман, оның ішінде Қожас.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қожабаев Болман (1880-1972). Бұрынғы Қарағанды облысы, Жезқазған ауданынан. Болманның әкесі Тоқсанбайұлы Қожабай ХІХ ғасырда өз еліне аты жайылған белгілі ақын болған. Болманның өзі де ақындықтан құралақан емес. Оның Тайжан, Шашубай, Көшек, Маясар, Қайып, Доскей, т.б. ақындармен айтыстары жинақтарда, газеттерде жарияланған. Ол 1943 жылы болған республикалық айтысқа қатысқан. Болманның өлең-жырлары да аз емес.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1964 жылы, Жезқазған облысы, Қарсақбай қыстағы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 616 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.6; Б.11; Ж.24; 30х21; 24,5х13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сары қағазға қазіргі қазақ әрпінде көк сиямен жазылған. Араб цифрымен беттелген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Ақындар айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Айтыс Атбасар дуанында ХІХ ғасырдың соңында өтеді. Айтыс негізінен әр ақынның өз руларының батырларын, байлықтарын мақтауға құрылған. Айтысты Қожабай бастап, жасы өзінен үлкен Құлтума ақыннан жол сұрайды. Оған намыстанған Құлтума «Ешкімге өлгенімше жол бермеймін!» деп жауап қайырады. Бұл кезде Құлтума 64 жаста екен де, Қожабай 34 жастағы жігіт екен. Айтысқа төрелік айтушы Ыбырай ақын.
13. Басы:
Атбасар дуанында үлкен базар, Төңірекке мойын бұрып салдым назар.
14. Соңы:
Осыған риза бол, Найман бала, Қолымнан бәйгем осы алып берген.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба ақ қағазбен тысталған.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.