∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

عانجابانۋ سۇلۋدىڭ كەستەلى ورامالى / Ғанжабану сұлудың кестелі орамалы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
عانجابانۋ سۇلۋدىڭ كەستەلى ورامالى / Ғанжабану сұлудың кестелі орамалы
3. Авторы (Айтушы)
Сәрсенбек Түсіпұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сәрсенбек Түсіпұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1968 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
700
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.40; Ж.20. 20х17; 18х16.
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жол дәптерге қызыл сиялы қаламсаппен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
араб әрпінде
11. Жанры
новеллалық ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Зубак шаһарынын патшасы Маран Тайырдың 30 жасқа келгенде туған кунін тойлайды. Әкелген сыйлықтардың ішінде әскер қолбасы Әлиқастын жалғыз қызы Ғанжабанудың алтын, жібек жіппен кестелеп тіккен қолжаулығы ерекше болады. Ол қолжаулық оң қолға ұстаса тоты құс болып сөйлеп, сол қолға ұстаса сандуғаш болы сайрайды. Бұл сыйлыққа патша қатты риза болып, Ғанжабануды іздейді. Барлық уәзір, қолбасшы, халқы болып, Ғанжабану сұлуды патшаға алып береді. Маран Тайыр патша заң тәртіптерін өзгертіп, әділдік жолға туседі. Құддұс шаһарының патшасы Қасен Бинаб соғыс жариялап, Маран Тайыр патша мен қолбасшы Әлиқас соғысқа стратегиялық дайындық жасайды. Соғыс майданында екі патша әскерлері соғысып, Қасен Бинаб патшасы қатты қырғынға ұшырап, қолға түседі. Оның жалғыз қызы Маринал сұлуды Сәуір батырдың алады. Маран Тайыр патшаның әйелі Ғанжабану жүкті болып, Маран Асқан атты ұл көреді. Ол ұл өсіп ер жетіп әскери өнерді, стратегияны жетік үйреніп үлкен қолбасшы болады. Шаһарзат сұлуды алып, керемет той жасайды. Зұмұтқа шаһарының патшасы Алқай соғыс жариялап, Зубак патшасы Маран Тайыр, оның ұлы Асқан, әскери қолбасы Маран Қас соғысқа дайындалады. Зумут патша қатты қырғынға ұшырап жеңіледі. Маран Қас батыр қалың қол бастап Зумут шаһарын басып алады. Зумут шаһарының патшасы Алқайдың Ғапура, Мабура атты екі қызын бірдей Маран Қас батыр әйелдікке алады. Маран Қас батыр осы әйелден үш ұл көріп, оларды Бағдат шаһарына оқытып, улкен ғалым дәрежесіне жеткізеді, сөйтіп барлық арман-мақсатына жетеді.
13. Басы:
Зубак шаһарының патшасы Маран Тайыр өзінің 30 жасқа толған күнін құрмет алып …
14. Соңы:
Осымен Маран Қас генерал өзі қартайғанша балаларының қызығын көріп өтіп еді.
15. Қосымша мәлімет
Оқушының жол дәптерлері біріктіріліп, тігіліп, қалың дәптер болған. Сырты сарғыш қағазбен тысталған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова