∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ораз молда

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ораз молда
3. Авторы (Айтушы)
Мәзқожаев Рахмет
4. Жинаушы, тапсырушы:
Нұрмағанбетова О.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 ж.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 333. 5-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.33; Б.33; Ж.27 20х30; 12х23
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Үлкен қағазға көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Ораз молда ақылды, білімді болған. Бағдат шаһарында тұрған. Бір қызға үйленеді, бірақ көңілінен шықпаған соң, қоя береді. Сонан соң төрт жастағы бір қыз баланы асырап алып, бір аралда бөлек сарай салдырып, сонда ешкімге көрсетпей өсіреді. Қызды Ораз некелеп алады.
13. Басы:
Данышпан Бағдатта бір жан өткен…
14. Соңы:
Дос болып кетті молда құшақтасып…
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Әуесбаева Пәкизат