∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мың сауал дастаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мың сауал дастаны
3. Авторы (Айтушы)
Жұматұлы Әлиакбар
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мұхамедиярова Р., Саттаров Қ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1983 жылғы Әмудария құйылысындағы казақтардың ауыз әдебиетін жинау экспедициясы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 920/49
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.33; Б.33; Ж.28 20х30; 15х25
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Үрім патшасының әділ де, халыкқа сыйлы Мәлік атты патшасы, бір балаға зар боп жүргенде, халық тілегі қабыл болып, Мәлике атты сүлу, әрі ақылды қызы туылады. Мәлике жиырма жасқа толғанда әкесі өліп, алтын таққа қызы отырады. Бір күні Мәлике халқын жинап, өзінің мың түрлі сауалына жауап берген жігітке күйеуге шықпақшы болады. Ешкім шеше алмаған сауалдарды Түркістан топырағынан келген белгісіз бір мүсәпір жігіт шешіп, екеуі үйленіп, бақытты өмір сүреді.
13. Басы:
Тебіреніп тіршілікте сөйле тілім…
14. Соңы:
Мың сауал дастаны жазылып бітті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Әуесбаева Пәкизат