∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мұхаммед Қанапия

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мұхаммед Қанапия
3. Авторы (Айтушы)
Бекбосын
4. Жинаушы, тапсырушы:
Кәмила Молдафина. 1929 жылы туған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 жылғы Шығыс Қазақстан экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
199
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1-22; Ж. 25
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Діни дастан
12. Қысқаша мазмұны
Ер Ғали Қысырау деген патшаның жалғыз қызына үйленеді. Оған Қанипа деп ат қойып, мұсылман дініне кіргізеді. Қанипа ер бала туады. Оған Мұхаммед Қанапия деген ат қояды. Ол жастайынан ерекше қабілетті, дарынды әрі батыр болып өседі. Тоғыз жасында киік қуып жүріп, кәпірдің көп әскерімен кездесіп қалып, соғысады. Бәрін жеңіп, батырының басын кесіп алыи келеді. Жұрт та, әкесі де бұған таң қалады. Он жасқа келгенде, әкесі Ғали жауға аттанады. Мұхаммед Қанапия бірге барғысы келіп, қанша өтінсе де әкесі алмай кетеді. Жалғыз өзі тағы аңға шығып, киік қуады. Киік кейпіне еніп, алдап жүргені шайтан болып шығады. Төрт мың кәпірмен жалғыз өзі шайқасып, жараланса да жеңіп шығады. Кәпірдің Әмина атгы қызымен танысып, алып қашады.
13. Басы:
Қиссаның бисмилла деп келді басы
14. Соңы:
Ойлаймын бір асылдың тұқымы деп
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан да, жартылай екі қатардан да орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева