∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

مۇڭلى-سەيىل قيسساسى / Мұңлы, Сейіл қиссасы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
مۇڭلى-سەيىل قيسساسى / Мұңлы, Сейіл қиссасы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушы: Бәйітов Әбдіраман; Тапсырушы: Сейдеханов Көбей. Белгші әдебиеттанушы ғалым М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет істеген жылдары қазақтың көптеген аңыз-ертегілерін, айтыстарды жинастырып, Қолжазба қорына 1980 жылы өткізген.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Көбей Сейдеханов Институттың қолжазба қорына 1980 жылы өткізген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
872
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 4-62; Ж. 29
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
дастан
12. Қысқаша мазмұны
Дастанда Жамал патша, оның әйелі — Гүлбала, балалары Мұңлы мен Сейіл көп қиындық көріп, аяғында мақсаттарына жеткені баяндалады. Дастан бұрын жарияланбаған.
13. Басы:
اۋەلى ءسوزىم ءبىر اللا / Әуелі сөзім бір Алла
14. Соңы:
جالعىز ءوزى تۇر ەدى / Жалғыз өзі тұр еді
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке үш қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева