∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

مۇڭلى سەيىل قيسساسى / Мұңлы, Сейіл қиссасы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
مۇڭلى سەيىل قيسساسى / Мұңлы, Сейіл қиссасы
3. Авторы (Айтушы)
Нұралы ақын
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мәлім Сейітмағанбетов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
641
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 99; Ж. 22
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ұзын жолды ақ қағазға көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Дастан
12. Қысқаша мазмұны
Қисса негізінен бірнеше оқиғадан құралған. Соның бірі — Мұңлы мен Сейілдің Ноғайлы елін шабуы. Шындығына келсек, біздің көптеген жырларымызда бұл оқиға кездеспейді. Қырымның қырық батыры болып айтылатын жырларымыздың бәрінде негізінен ноғайлы жұртының атынан жырланады. Соған қарағанда, бұл қисса кейінгі дәуірдің туындысы болса керек. Себебі жырда Мұңлы да, Сейіл де өзін «өзбекпіз» дейді.
13. Басы:
نۇرالى دەگەن اقىننىڭ / Нұралы деген ақынның
14. Соңы:
توقتاسىن ەندى اياعى / Тоқтасын енді аяғы
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке екі және бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева