∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

مۇڭلىق-زارلىق / Мұңлық-Зарлық

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
مۇڭلىق-زارلىق / Мұңлық-Зарлық
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Т. Сыдықов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
193
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 118-133; Ж. 17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жолсыз таза бетке қоңыр сиямен, 118-беттің бірінші жолы көк сиямен жазылған. 132 бет көк сиямен жазылған, жазуы өшуге жақын.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Кешегі өткен заманда, Ноғайлы байтақ елінде Пахыржан деген патша өткен. Бұл патша ноғайлы елінің ұлы да, әділ патшасы болған. Қанша әділ, ұлы патша болса да бір балаға зар болған. Бір баланың дертінен алпыс әйел алады. Сонда да бала болмайды. Жасы жетпіске жетеді. Бір перзент деп қайғы шегеді. Ақыры Шаудыр шалдың қызы Қаншайымға үйленеді, одан бір ұл, бір қыз туады. Көре алмаған ханның алпыс әйелі екі баланы мыстан кемпірге алтын беріп, дарияға апарғызып тастайды да, Қаншайымның балаларының орнына екі күшікті салып қояды. Балалардың аты – Мұңлық және Зарлық болады. Дастан аяқталмай қалған.
13. Басы:
ۇلى ءسوزدى باستايىن / Ұлы сөзді бастайын
14. Соңы:
ءسوزدىڭ بولدى اياعى / Сөздің болды аяғы
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке екі қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева