Ертеде өте сұлу, әрі ақылды әйел болады. Оған гашық болмаған жан қалмайды. Бір күні әлгі сұлу әйел жалғыз баласын мектепке алып барады. Қатынды көрген молда оған ғашық болады. Молда баланы шешесі үшін жақсы көріп, әрқашан «сүлудың баласы» дейді екен. Баласы бұл сөзді шешесіне айтьш келеді. Мұны түсінген әйел молданы күлкіге айналдырмақ болып, күйеуімен ақылдасып, молданы үйіне шақыртады. Молда әбден шешініп болғанда, күйеуі есік қағады. Не істерін білмеген молдаға әйелдің киімін кигізіп, диірмен тартқызып қояды. Күйеуінің “мына кісі кім?” деген сұрағына, «көрші келін ғой, маған көмектесіп отыр» дей салады. Күйеуі әйелімен жатып қалады. Әйелі әдейі күйеуіне көңіл аудармай қояды. Сол кезде күйеуі келініне көңіл білдіреді. Не істерін білмей сасқан молда диірменді тастай сала, үйіне тұра қашады. Түн ортасында алба-жұлбасы шыққан молда үйіне жетеді. Әйелінің алдында болған оқиғаны баяндап, кешірім сүрайды.