∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

مارعۇزار نەمەسە مالىك حاسەن / Марғұзар немесе Мәлік Хасен

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
مارعۇزار نەمەسە مالىك حاسەن / Марғұзар немесе Мәлік Хасен
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Фазыл Жүсіпов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1890 жылдары Баянауыл маңайында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1000
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1-110; Ж. 13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың жылтыр қағазға қара сиямен, жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Сұлтанмахмұд патша Нұрғызайымға ғашық болады. Патшаның Асан, Үсен, Хасен деген балалары әкесінің ғашығын іздеп жолға шығады. Үш айыр жолдың “барсаң-келмейсің” деген жолына түскен Хасенді бір кемпір киікке айналдырады. Мұны көріп, кемпірдін қызы Гүлбаһрам Хасенді қайтадан адам қалпына түсіреді. Хасен Гүлбаһрамнан «Нұрғызайымды қайдан табамын?» деп сұрайды. Қыз Нұрғызайымды Ғайнижамалдың тартьш алып кеткенін айтады. Жолда Хасен Самұрық құстың балаларына қастық еткен айдаһарды өлтіреді. Самұрық Хасенді алып ұшады. Ғайнижамал ұйықтап жатқанда, Хасен оның сиқырлы жүзігін ауыстырып алып қояды. Нұрғызайымды, Гүлбаһрамды алып, еліне қайтып келе жатқан жолда Хасенге ағалары қастық жасап, құдыққа тастап кетеді. Нұрғызайымды Хасеннің екі ағасы әкесіне әкеліп береді. Сұлтанмахмұд патша Гүлбаһрам мен Хасенді тауьш алады. Қастық жасаған ағаларын өлтіреді.
13. Басы:
جۇرۋگە الدى مايمۇن بەلىن بايلاپ / Жүруге алды маймұн белін байлап
14. Соңы:
ءسوز بولۋعا جاراماي قالعان جامان / Сөз болуға жарамай қалған жаман
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке екі қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева