∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қисса-и Мәлік Хасен

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қисса-и Мәлік Хасен
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1052
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 72; Ж. 28
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкаға басылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Сұлтанмахмұд патша Нұрғызайымға ғашық болады. Патшаның Асан, Үсен, Хасен деген балалары әкесінің ғашығын іздеп жолға шығады. Үш айыр жолдың “барсаң-келмейсің” деген жолына түскен Хасенді бір кемпір киікке айналдырады. Мұны көріп, кемпірдін қызы Гүлбаһрам Хасенді қайтадан адам қалпына түсіреді. Хасен Гүлбаһрамнан «Нұрғызайымды қайдан табамын?» деп сұрайды. Қыз Нұрғызайымды Ғайнижамалдың тартьш алып кеткенін айтады. Жолда Хасен Самұрық құстың балаларына қастық еткен айдаһарды өлтіреді. Самұрық Хасенді алып ұшады. Ғайнижамал ұйықтап жатқанда, Хасен оның сиқырлы жүзігін ауыстырып алып қояды. Нұрғызайымды, Гүлбаһрамды алып, еліне қайтып келе жатқан жолда Хасенге ағалары қастық жасап, құдыққа тастап кетеді. Нұрғызайымды Хасеннің екі ағасы әкесіне әкеліп береді. Сұлтанмахмұд патша Гүлбаһрам мен Хасенді тауьш алады. Қастық жасаған ағаларын өлтіреді.
13. Басы:
Қор болмас дүнияда Құдай деген
14. Соңы:
Сөзімнің енді аяғы тамам болды.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева