∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

مالىك حاسەن قيسساسى/ Мәлік Хасен қиссасы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
مالىك حاسەن قيسساسى/ Мәлік Хасен қиссасы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мәулен Тайұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Сырбай Мөуленов. Ол 1987 жылы Сәрсенбі Дөуітов арқылы тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1105
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1-93; Ж. 21
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолдан тігілген енсіз қалың сары дәптерге қаламмен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Сұлтанмахмұд патша Нұрғызайымға ғашық болады. Патшаның Асан, Үсен, Хасен деген балалары әкесінің ғашығын іздеп жолға шығады. Үш айыр жолдың “барсаң-келмейсің” деген жолына түскен Хасенді бір кемпір киікке айналдырады. Мұны көріп, кемпірдін қызы Гүлбаһрам Хасенді қайтадан адам қалпына түсіреді. Хасен Гүлбаһрамнан «Нұрғызайымды қайдан табамын?» деп сұрайды. Қыз Нұрғызайымды Ғайнижамалдың тартьш алып кеткенін айтады. Жолда Хасен Самұрық құстың балаларына қастық еткен айдаһарды өлтіреді. Самұрық Хасенді алып ұшады. Ғайнижамал ұйықтап жатқанда, Хасен оның сиқырлы жүзігін ауыстырып алып қояды. Нұрғызайымды, Гүлбаһрамды алып, еліне қайтып келе жатқан жолда Хасенге ағалары қастық жасап, құдыққа тастап кетеді. Нұрғызайымды Хасеннің екі ағасы әкесіне әкеліп береді. Сұлтанмахмұд патша Гүлбаһрам мен Хасенді тауьш алады. Қастық жасаған ағаларын өлтіреді.
13. Басы:
Құр болмас бұ дүнияда құдлы деген
14. Соңы:
Түзер деп өсиет етем осылардан
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева