∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Орқа-Күлше

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Орқа-Күлше
3. Авторы (Айтушы)
Жәңгірұлы Шәді
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мұратов Әбдірайым
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1962 жылы Шымкент облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 101
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.42; Б.86; Ж.30 20х30; 12х21
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына екітүрлі сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық жыр
12. Қысқаша мазмұны
«Орқа–Күлше» дастанында бала кезінен атастырылып, кейін қосылған Орқа мен Күлшенің махаббаты баяндалады. Күлшенің сұлулығына қызыққан Бәни Омар мен Мәлiк Мақсан оны тартып алуға әрекет жасайды. Орқа Бәни Омарды жеңгенімен, өзі елден кеткен кезде Күлшенің әкесі Қалел дүние үшін қызын Мақсанға бермек болады. Орқаға Күлшенің өлгені туралы жалған хабар жеткізіліп, ол қатты қайғырады, ал Күлше Мақсанның қолында қалады. Алайда Күлше Орқаға деген адалдығынан айнымайды. Кейін Орқа Күлшенің тірі екенін біліп, оны іздеп тауып, екеуі қайта қауышады. Мақсан олардың шынайы махаббатын түсініп, екі жастың қосылуына мүмкіндік береді.
13. Басы:
Бұл сөзді бисмилладан бастайын да, Жаман сөз күнә болса тастайын да.
14. Соңы:
Өлімнен басқасының бәрін көріп, Ақыры мұратына бұлар жетті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат