∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мәлік

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мәлік
3. Авторы (Айтушы)
Ертай Құлсариев. (1892-1961). Алматы облысы, Іле ауданында туып-өскен. Халық ауыз әдебиетін көп жинаған. Ертеден ел арасында айтылып жүрген “Арқалық батыр”, “Көрүғлы”, “Олжабай батыр” және әдет-ғұрып туралы жырларды жазьш альш, тапсырған. Ертайдың өз шығармалары республикалық, облыстық, аудаңдық газеттерде жарияланған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғали Киізбаев. Алматы қаласында тұрған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
126
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 32; Ж. 22
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ұзын жолды, қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде Пақбор деген әділ патша болады. Патша уәзірлерінің ішінен ақылы артық Мәлікгі жақсы көріп, бар болса не керегін береді екен. Патшасы жақсы көрген соң Мәлік уәзір өзін еркін ұстайды. Бір күні Пақбор патша қызық түс көріп жатса, Мәлік есікті ашып, патшаны оятып жібереді. Оған ашуланған патша Мәлікті дарға асуды бұйырады. Мәлікті барлық халық жақсы көреді. Халық жиналып: “Бұл жалғанда қатесіз адам болмайды, қанын кешіңіз!” – деп сұрайды. Патша халықтың тілегін орындап, Мәліктің күнәсін кешеді. Жиылған халық күнәсінің мәнісін сұраса, патша түсінде бір сұлу қызды көріп, Мәліктің кесірінен ол қызбен сөйлесе алмаған екен. Патша: “Егер сөйлессем, ол қыздың мекен-жайын біліп, іздеп табар едім”, – дейді. Мәлік сол қызды үш жыл ішінде іздеп табуға уәде берді. Өзінің ақылының арқасында Мәлік ол қызды іздеп табады. Ол Рим патшасының Бақпарша деген жалғыз қызы екен. Патша Бақпаршаға үйленіп, бәрі мұратына жетеді.
13. Басы:
Азырақ сөз жазайын етіп дастан…
14. Соңы:
Мұратқа Мәлік уәзір бұда жетті.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева