Сағидолла Нұралин Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Сұңқар ауылында туған. Жасынан арабша оқып, сауатын ашқан. 1916-1926 жылдары Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағында (Қытай Халық Республикасы) әкімшілік- шаруашылық қызметтерінде болған. Алғашқыда ауыз әдебиеті мұралары, халық ақындарының шығармаларын жаттайды, кейіннен өзі де өлең шығаруға машықтанады. Халық арасына тараған өлең-жыр, аңыз, дастандарды жинайды. Сол жинағандары мен өз өлеңдерін қосып, 1920 жылы “Мұра мен толғау” деп аталатын қолжазба жинағын шығарып таратады. Тапсырушы: Т.Қанағатов. Институт қорына 1963 жылы тапсырған.