∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Сымбат сұлудың қазынасы
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Сымбат сұлудың қазынасы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Түсіпұлы Сәрсенбек
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1914 ж.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 693. 19-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.12; Б.24; Ж.30 17х21; 15х19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жолды оқушы дәптеріне күлгін сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Шам шаһарының Хасен Әли деген патшасы кезінде бір Дәуіт атты жігіт Ағзам шаһарының патшасы Қасым Жомарттың байлық, жомарттық даңқын естіп, онымен дидарласу үшін ұзақ сапар шегеді. Он жыл жүріп, көп қиындық көріп, Сымбат сұлуға үйленеді.
13. Басы:
Шам шаһарында Дәуіт атты бейшара жігіт болыпты.
14. Соңы:
Сымбат сұлудан Қамза атты ұл көріп, байлық, дәулетке ие болып, дүниені бір шалқып өтеді.