∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сүлеймен мен диқаншы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сүлеймен мен диқаншы
3. Авторы (Айтушы)
Сәлімбай Жұманов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сәлімбай Есенаман
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 жылы Талдықорған облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 123. 1-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.6; Б.11; Ж.20 20,5х17; 19,5 х14,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жолды оқушы дәптеріне күлгін сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Өзінің адал еңбегі арқыды Сүлеймен пайғамдарды өзіне тәнті еткен диқаншы туралы.
13. Басы:
Баяғы өткен уақытта, халық дінге бағынған заманда Сүлеймен пайғамбардың уақтысында әлемдегі барлық хайуандар, өсімдік, өзен, тау… тіршіліктегі барлық заттың бәрі Сүлеймен пайғамбарға бағынған екен.
14. Соңы:
Бұдан еш нәрсе шықпайтынын көріп, еңбектің түбі нені де болса жеңетінін білген Сүлеймен: «Еңбек қылған алсын» деп, жүріп кетіпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат