∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Самархан хан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Самархан хан
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Нұртазин Әбетай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 ж.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 123. 4-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.24 Б.25; Ж.22 20х16; 18х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жолды дәптерге күлгін түсті сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Ерте заманда аңшылықпен күн көрген бір шал мен кемпір болады. Олардың Самархан атты жалғыз ұлы болады. Бала бір күні түс көреді. Түсін анасына жорытпақшы болып басын айта түседі де аяғын айтпай қояды. Анасы бұған ашуланады да баланы ұрып жібереді. Бұл жағдай әкесімен де болады. Содан бала үйінен қашып келе жатып ханның уәзіріне жолығып қалады. Уәзір баладан неден қашып келе жатқандығын сұрайды, бала бар жағдайын айтады, бірақ түсін айтпайды. Уәзір ашуланып баланы зынданға тастайды. Бір күні ханның қызы ойнап жүріп зынданның саңлауынан баланы көріп қалып оған ғашық болады. Балаға күндетамақ тастап тұрады. Қыздың әкесіне екінші бір хан өштесіп оған жұмбақ-хат жібереді. «Егер шешпесең елінді шабам» дейді. Самархан қыздан жұмбақтың талаптарын біліп алып оның шешуін айтады. Үшінші ретте Самархан қызға: «Мен зынданнан шықпасам болмайды» дейді. Қыз өкесіне Самархан туралы айтады, хан Самарханды зынданнан шығарады. Самархан жұмбақтың шешімін айту үшін сол елге елшілікке аттанады. Ханды сөзден жеңіп, елін шапқыншылықган құтқарады. Бұған риза болған өз ханы Самарханға тағын береді. Әрі қызын қосады.
13. Басы:
Ерте заманда аңшылықпен күн көрген, балаға зар болған бір кемпір мен шал өмір сүреді.
14. Соңы:
Шарасыз патша уәдесін береді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат