∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Mancur molla/

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Mancur molla/
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушы: Тұрмаханов Мұкан. Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан; Тапсырушы: Жанбершиева Ұлжан
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1942 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1105
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1-19; Ж. 20
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне күлгін түсті сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
Латын өрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде Хорсон деген қалада бір саудагер тұрады. Ол бір байдың Салида атты сұлу қызына үйленеді. Салиданың күйеуі саудамен сапарға кеткенде, сол шаһардың бір кемпірі келіп «Күйеуің сені тастап кетті, сен басқа жігіттермен таныс» деп азғырады. Салида оған көнбейді. Бір күні сол шаһардың қу жігіті өтірік күйеуі болып келіп; қыздың бар байлығына ие болғысы келеді. «Жолда көп бейнет көріп, бар затымнан айрылып қалдым» деп алдайды. Бұған Салида сенер-сенбес болып отырғанда, өзінің шын күйеуі Мансұр молла келіп қалады. Қу жігіттің өтірігі ашылады.
13. Басы:
Bastaiьn bьsmьlla dep qaqtyŋ atьn/Бастайын бісміллә деп Хақтың атын
14. Соңы:
qatьnьn aldь qaitьp neke qiьp / Қатынын алды қайтып неке қиып
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева