∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мақсұтхан қиссасы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мақсұтхан қиссасы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мүтәлі Әмірбекұлы. Шымкент облысы, Арыс қаласынан. Халық әдебиеті үлгілерін жинаушы.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1980 жылы Шымкент облысында жазылған. М.Әмірбекұлы институттың қолжазба қорына 1981 жылы тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
882
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1-41; Ж. 20
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жұқа дәптерге жай сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Баяғы өткен заманда Бағдат каласьщда Мақсұт атгы әділ патша ел билеген екен. Оның өте сүлу әйелі мен Асылған, Әшім деген ақылды ұлдары болыпты. Сол патшалықтағы Талымша деген кедей Мақсұттың тағын үш күнге сұрап, араға елші жұмсайды. Хан тағын уақытша беруге көнеді. Кедей таққа отырысымен патшалықтың қазынасын ашып, кедей-кепшікке үлестіріп жібереді. Келісілген уақыт өтіп, тағьш қайтарарда Талымшаның жомартгығына риза болған бұқара халық кедейдің патша болып қалғанын қалап, бүлік шығарады. Бас амандығынан сақтанған Мақсұт отбасымен қаладан қашып шығып, беймәлім бір керуенге ілесіп кетеді. Дастанның қалған оқиғасы Мақсұт хан мен оның басынан өткен сан қилы жағдайы туралы. Соңында барлық қиындықтардан аман-есен өткен Мақсұт мұратына жетіп, қайтадан өз тағына отырады.
13. Басы:
ىلگەرى وتكەن زاماندا / ілгері өткен заманда
14. Соңы:
باعداتتىڭ ادامدارى ۇرى بولدى/ Бағдаттың адамдары ұры болды
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке аралас екі-үш қатардан орналасқан. Бұрын жарияланбаған, тақырыпқа бөлінбеген.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева