∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Төле бидің туы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Төле бидің туы
3. Авторы (Айтушы)
Тұрсынов Сәбит – халық аузынан аңыз-әңгімелерді жинаушы, 1942 жылы туылған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қазығұрт совхозы, Қызылқанат ауылының тұрғыны.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1994 жылғы «Түркістан қазақтарының ауыз әдебиетін жинау экспедициясы».
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 920, 94-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; Ж.104 26х16; 18х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ұлы жүздің атақты Төле биі тоқсан үш жасында қайтыс болады. Бидің өсиеті бойынша Тәшкен қаласына жерлеу керек болады. Қасиетті Қазығұрттан Тәшкенге дейін қашық жер болса да, көпшілік сүйікті ұлының соңғы өсиетін орындамақ болады. Төленің қырғыз әйелі ұлы Қожамжармен ақылдасып, сүйекшілерді жолдан күтіп алады. Ыстық күнде алыс жолдан шаршап келе жатқан көпшілік Қожамжардың анасы дайындаған қос үйге ат басын бұрады. Төленің қырғыз әйелі сүйекшілермен көрісуге шығады. Төленің көзі тірі кезінде ұстаған ілмек белгісі бар, желегін қара қыжыммен көмкерген туы оң босағаға қойылған еді. Қожамжардың анасы сол туды алады да, сандыққа салып қояды. Құран оқылып, бата қайрылып, жұрт қайтуға айналғанда, Төленің балалары туды іздей бастайды. Ту қай үйде тігілсе, марқұмның асы берілгенше сол үйде сақталады. Төленің бәйбішесінен көрген балалары дау шығара бастайды. «Тудан айырылу – биліктен айырылу» деген сөз. Ишанның шешімімен «ту қайда тігілсе, сонда қалуы тиіс» болып шешіледі. Осылайша Төле бидің туы Қожамжар балаларының еншісіне тиген екен.
13. Басы:
Бүкіл исі қазаққа кемеңгерлігімен үлгі-өнеге болған Төле би тоқсан үш жасында дүниеден өтті.
14. Соңы:
Сол осы заттарды тығып қойған қарттардың өзі де о дүниелік болып кетті.
15. Қосымша мәлімет
Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетінің І курс студенті Тұрсынова Әсияның қолтаңбасы (1994 ж.).
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат